Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарсыласын техникалық нокаутпен ұтқан Жанқош Тұраров қандай белбеуге ие болды

Опубликовано:

Жанқош Тұраров
Жанқош Тұраров. Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Белгілі қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров Алматыда өткен бокс кешінде шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оңтүстік астанада өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде Жанқош Тұраров венесуэлалық Луис Энрике Ромеромен жұдырықтасты.

Кездесу он раундқа жоспарланған еді. Алайда отандық былғары қолғап шебері қарсыласынан жетінші раундта техникалық нокаутпен басым түсті.

Осылайша, Жанқош Тұраров бірінші жартылай орта салмақтағы IBO Inter-Continental титулының иесі атанды.

Айта кетейік, бұл отандық боксшының кәсіпқой бокстағы жиырма алтыншы жеңісі болып тіркеліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2001089-qarsylasyn-texnikalyq-nokautpen-utqan-zanqos-turarov-qandai-belbeuge-ie-boldy/

pixel