Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір матчта 15 сары қағаз көрсеткен төреші әлем чемпионатынан аластатылды

Опубликовано:

Антонио Матеу Лаос матчта төрелік етуде
Антонио Матеу Лаос. Фото: sports.ru

Футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Аргентина мен Нидерланд арасындағы кездесуге төрелік еткен испандық төреші Матеу Лаос үшін доп додасы аяқталды. Бұл туралы sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Испаниялық төреші Антонио Матеу Лаос әлем чемпионатының қалған төрт матчына шақырту алған жоқ. Енді ол өз еліне оралады.

Антонионың бұл әлем чемпионатында төрелік еткен соңғы матчы - Аргентина мен Нидерланд арасындағы кездесу болатын. Аталған матчта Матеу Лаос жалпы есебі 15 сары қағаз көрсетіп, рекорд орнатты. Бұған дейін әлем біріншілігінің тарихында мұнша сары қағаз болған емес.

Ойын аяқталған соң екі құраманың ойыншылары да қазының жұмысына көңілі толмағандарын жеткізген.

Матеу Лаос одан бөдек топтық кезеңдегі Катар-Сенегал және Иран-АҚШ турнирінде төрелік еткен болатын.

Ал басқа испаниялық төрешілер әлем чемпионатындағы жұмысын жалғастырады. Алехандро Эрнандес Эрнандес, Хуан Мартинес Мунуэра және Рикардо де Бургос Бенгоэчеа видеоассистенты ретінде тағайындалуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001129-bir-matcta-15-sary-qagaz-korsetken-toresi-alem-cempionatynan-alastatyldy/

pixel