Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көпшілік мені Бенземаға ұқсатады": Отандық спортшыны әлемдік футболшымен не байланыстырады

Опубликовано:

Денис Никиша жарыс кезінде
Денис Никиша. Фото: Сали Сабиров

Алматыда шорт-тректен әлем кубогінің үшінші кезеңі аяқталды. "Халық Аренада" өткен әлемдік жарысты қазақстандықтар жалғыз жүлдемен аяқтаған болатын. 500 метрге жүгіруден күміс медаль алған Денис Никиша жарысты қорытындылады, деп жазады Bassport.kz.

"Барлығы жоспар бойынша келе жатты. Финалда екі түрлі жоспар құрып, біреуін таңдаған едік. Бірақ біз таңдаған нұсқа орындалмай қалды. Бұл - биылдыққа жеңіп алған екінші күміс медалім. Мәреге жеткен соң, екіұдай күй кештім. Бір жағынан жүлделі болғаным үшін қуандым. Ал алтынға қолым жетпей қалғанына аздап өкіндім. Ал әлем кубогі рейтингінде көш бастағаныма көңілім толды. Осы беттен қайтпау керек", - деді спортшы.

Сонымен қатар, Денис өзін франциялық футболшы, "Алтын доп" иегері Карим Бенземаға ұқсататындар бар екенін айтты.

"Шынымды айтсам, мүлде футбол қарамаймын. Ал көпшілік мені Бенземаға ұқсайсың деп жиі айтады. Меніңше, ұқсамайтын сияқтымын", - деді Никиша.

Айта кетелік, әлем кубогінің 4-кезеңі 16-18 желтоқсан аралығында Алматыда өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001187-kopsilik-meni-benzemaga-uqsatady-otandyq-sportsyny-alemdik-futbolsymen-ne-bailanystyrady/

pixel