Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оны мұндай күйде көру өте қиын": Танымал футболшы жеңілістен соң жылап қалған Роналдуға қолдау көрсетті

Опубликовано:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду. Фото: Alexander Hassenstein/Getty Images

Англия құрамасының экс-ойыншысы әрі Роналдудың "Манчестер Юнайтедтегі" бұрынғы әріптесі Гарри Невил футболшының жеңілістен соң жылағанына қатысты пікірін айтты, деп жазады Championat.com.

Айта кетелік, Криштиану өзі қатысқан бесінші әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтап отыр.

"Криштиану Роналдудың туннелде жылап бара жатқанын көрдім. Мен үшін бұл сұмдық кадр. Ол өзінің әлем чемпионы атансам деген арманы орындалмайтынын сезген сәт еді. Мансабымыз аяқталатын тұсты бәріміз де бастан кешірдік. Бірақ ол әлемдегі ұлы ойыншылардың бірі. Оны мұндай күйде көру өте ауыр. Оның басынан қиын кезеңдер өтуде" , - деді Невилл.

Катардағы әлем чемпионатының ширек финалында Роналду бастаған Португалия құрамасы Мароккодан 0:1 есебімен ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001259-ony-mundai-kuide-koru-ote-qiyn-tanymal-futbolsy-zenilisten-son-zylap-qalgan-ronalduga-qoldau-korsetti/

pixel