Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Хоккейден еліміздің жастар құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Опубликовано:

хоккей
Көрнекі фото: pexels.com

Норвегияның Аскер қаласында жастар арасында шайбалы хоккейден Әлем чемпионатының І дивизиондағы ойындары өтіп жатыр. Қазақстан ерлер құрамасы жарыс қожайыны Норвегия және Дания, Словения, Франция, Мажарстанмен А тобына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Еліміздің жастары екінші турда Мажарстан хоккейшілерінен басым түсті. Есеп: 3-2. Дінмұхамед Қайыржан осы мачтағы Ұлттық құраманың үздік ойыншысы атанды. Осы жеңістің арқасында Қазақстан топта 4-орынға көтерілді.

Айта кетейік, алғашқы ойында Қазақстан былтыр В дивизионында топ жарған Франция құрамасына 2-0 есебімен есе жіберген. Енді қазақстандық жастар 14 желтоқсан, түнде Даниямен, сосын Словения (15 желтоқсан, түнде) және Норвегиядан келген құрдастарымен (18 желтоқсан) ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2001379-alem-cempionaty-xokkeiden-elimizdin-zastar-quramasy-algasqy-zenisine-qol-zetkizdi/

pixel