Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Бразилия құрамасының жаңа бас бапкері қашан тағайындалады

Опубликовано:

Бразилия құрамасы
Бразилия құрамасының футболшылары. Фото: Tiwtter/Fifa World Cup

Футболдан Бразилия құрамасының бас бапкері 2023 жылдың қаңтар айында тағайындалады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты Бразилия футбол конфедерациясының (CBF) баспасөз қызметі растады.

Хабарламада ұйым басшысы Эдналдо Родригестің қазіргі уақытта бас бапкерді өзі іздеп жатқаны айтылды.

Бразилия құрамасының жаңа бас бапкері ресми түрде 2023 жылдың қаңтар айында тағайындалмақ.

Айта кетейік, футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатының ширек финалында Бразилия құрамасы Хорватияға матч соңындағы пенальтиде есе жіберді. Осыдан кейін команданың бас бапкері Тити қызметінен босатылған. Ол Бразилия құрамасын 2016 жылдан жаттықтырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001425-futboldan-braziliya-quramasynyn-zana-bas-bapkeri-qasan-tagaiyndalady/

pixel