Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтай ма

Опубликовано:

Роналду
Роналду жасыл алаңда. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын әлі аяқтамауды көздеп отыр. Бұндай мәлімдемені cmjornal.pt басылымы жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, футбол әлеміндегі үздік ойыншының бірі ұлттық құрама сапында ойнауды жалғастыра бермек.

Ол 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатында өнер көрсету мүмкін.

Сонымен қатар басылым бетінде Роналдудың болашағы Португалияның бас бапкері Фернанду Сантушқа байланысты екені айтылды. Өйткені жаттықтырушы жақын уақытта қызметінен кетуі мүмкін.

Шабуылшы қазіргі уақытта үздік формасында емес екенін жеткізген. Роналдудың сөзінше, бұған "Манчестер Юнайтед" сапындағы ойын тәжірбиесінің аздығы мен маусымаралық дайындық жұмыстарының болмауы әсер еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001434-kristianu-ronaldu-portugaliya-quramasyndagy-mansabyn-ayaqtai-ma/

pixel