Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды (фото)

Опубликовано:

шаршы алаң
Шаршы алаңдағы кездесу. Фото: Аян Төлеген/Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Қостанай қаласында бокстан əйелдер арасында ел чемпионаты басталды. Жарысқа өз салмағында мықты екенін дәлелдеп, Ұлттық құрама сапына қосылу үшін əр өңірден таңдаулы 104 былғары қолғап шебері келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы Қазақстан біріншілігіне халықаралық аренада бақ сынап жүрген көптеген боксшы қатысып жатыр.

Олардың қатарында Амманда аяқталған Азия чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, Стамбулдағы Əлем чемпионатының жүлдегерлері, Олимпиада жүлдегерлері бар.

Тек Ұлттық құрама қатарында жүрген Карина Ибрагимова Қостанайға келген жоқ. Себебі, Азия чемпионы, биылғы Əлем чемпионатының қола жүлдегері 11 желтоқсанда Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) өткізген алғашқы "Чемпиондар түні" жобасында жұдырықтасты.

Айта кетейік, чемпионат аясында 92 жекпе-жек өтеді. Ал ең көп боксшы 48 келіге дейінгі салмақта тіркелген.

Қостанайдағы біріншілік 17 желтоқсанда мəресіне жетпек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2001440-bokstan-aielder-arasyndagy-qazaqstan-cempionaty-bastaldy-foto/

pixel