Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі блондин боп кеткен": Танымал футболшы шашын бояп тастаған Неймар мен командаластарын сынға алды

Опубликовано:

Неймар
Фото: Twitter/FIFA World

2002 жылғы әлем чемпионы Вампета Катардағы доп додасында шашын сарыға бояп тастаған Неймар мен оның командаластарын сынға алды. Бұл туралы Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы команданың жарысты ерте аяқтауына футболшылардың шаш үлгісі де себеп болды деп ойлайды.

"Алаңдағы барлық шабуылдаушы футболшылар шашын сарыға ақ түске бояп тастаған. Енді оларды Франция құрамасы үшін жанын беріп жүрген Мбаппемен салыстырып көріңіз. Аргентинаға қараңызшы...

Матч кезінде мен Неймарды Родриго, Антони және Педродан ажырата алмадым. Барлығы блондин болып кеткен. Әлі ештеңе ұтпай тұрып, келесі кезеңге өттім деп ойламау керек.

Роналдо, Ривалдо, Кака, Роберто Карлос. 2002 жылы олардан мұндайды көрмедім. Себебі, 1998 жылғы доп додасынан сабақ алды. Жігіттер, бұл әлем чемпионаты. Біз еуропалықтар емеспіз. Шабуылдағылар түгелдей шашын аққа бояғанда, құдды бәрін ұтып алғандай көрінеді. Олар бар болғаны көңіл көтеріп қайтты", - дейді 2002 жылғы әлем чемпионы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001446-bari-blondin-bop-ketken-tanymal-futbolsy-sasyn-boyap-tastagan-neimar-men-komandalastaryn-synga-aldy/

pixel