Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатында 24 жастағы күзетші стадионнан құлап, қайтыс болды

Опубликовано:

Аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлем чемпионатында матчтан кейін стадионның жоғарғы жағынан құлап кеткен 24 жастағы күзетші ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқыс оқиға Аргентина мен Нидерланд құрамалары арасындағы матчтан соң "Лусаил" стадионында болды. Осыдан кейін ер адамды ауруханаға жеткізген. Басылым беттерінде 24 жастағы күзетшінің басынан ауыр соққы алғаны, жамбасы мен бет сүйегінің сынғаны хабарланған еді.

Дәрігерлер қажетті ем-дом жұмыстарын жасағанына қарамастан, ер адам 13 желтоқсан күні медициналық мекемеде көз жұмды.

Айта кетейік, қаза тапқан 24 жастағы Джон Нджу Кибуэ - Кения азаматы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001620-alem-cempionatynda-24-zastagy-kuzetsi-stadionnan-qulap-qaitys-boldy/

pixel