Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дешам Әлем чемпионатының финалына қатарынан екі рет шыққан алғашқы бапкер ме

Опубликовано:

Дидье Дешам
Дидье Дешам шәкірттерінің ортасында. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Футболдан Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Әлем чемпионатының финалына шыққан төртінші маман атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Франция құрамасы жартылай финалда Мароккодан басым түсіп, Катардағы біріншіліктің ақтық мәресіне жолдама алды.

2018 жылы Ресейде өткен Әлем чемпионатында да Дидье Дешамның шәкірттері финалға шыққан еді.

Бұған дейін төртжылдықтың ірі додасының ақтық мәресінде қатарынан екі рет Италия (Витторио Поццо), Аргентина (Карлос Билардо), Германия (Франц Беккенбауэр) құрамалары өнер көрсеткен болатын.

Айта кетейік, Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионаты 18 желтоқсанда аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001662-desam-alem-cempionatynyn-finalyna-qatarynan-eki-ret-syqqan-algasqy-bapker-me/

pixel