Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Криштиану Роналду "Реал" базасында жаттыға бастады

Опубликовано:

Роналду
Роналду жасыл алаңда. Фото: David S. Bustamante/Soccrates/Getty Images

Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду "Реалдың" жаттығу базасында дайындала бастады. Бұл туралы Спорт экпресс басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Relevo сайтының мәліметінше, футболшы физикалық формасын сақтау үшін "Вальдебебас" кешеніне шақырту алған. Ол "Реал" ойыншыларынан бөлек жаттығу өткізді. Дереккөздің айтуынша, Роналду "Корольдік клуб" футболшыларымен ешқандай байланысқа түспеген.

Сондай-ақ "Реалдың" 37 жастағы португалдық футболшымен келіссөздер жүргізуге ықыласты еместігі де айтылды.

Әлем чемпионаты қарсаңында Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтед" клубынан ресми түрде кетті. Қазір ол бос агент ретінде өзіне жаңа клуб іздеп жатыр.

Ал Катардағы доп додасында Роналду бастаған Португалия құрамасы ширек финалдан аса алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001778-baq-kristianu-ronaldu-real-bazasynda-zattyga-bastady/

pixel