Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жарақатынан айықты": Карим Бензема Әлем чемпионатының финалына қатыса ма (фото)

Опубликовано:

Кәрім Бензема
Кәрім Бенземаның "Алтын допты" жеңіп алған сәті. Фото: Aurelien Meunier/Getty Images

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионаты аяқталуға жақын. Турнирдің ақтық мәресінде Аргентина мен Франция кездеседі. Аталған матчқа жарақатынан айыққан "Реал Мадрид" пен Франция құрамасының шабуылшысы Карим Бензема қатыса ма? Бұл сауалға KAZ.NUR.KZ тілшісі жауап іздеп көрді.

Айта кетейік, Әлем біріншілігінің басталуына санаулы күндер қалғанда Карим Бензема жарақат алып қалған еді. Алайда Францияның бас бапкері Дидье Дешам шабуылшыны турнирге қатысатын ойыншылар тізімінен "сызбады".

Жартылай финалдың алдында БАҚ беттерінде корольдік клубтың сұрмергені жарақатынан толық айықты деген ақпарат шықты.

Кейінірек "Реал Мадрид" басшылығы Карим Бенземаны Катарға жіберуге дайын екенін жеткізді.

RMC Sport ұсынған ақпаратқа сәйкес, шабуылшы корольдік ұжымның бас бапкері Карло Анчелоттиден рұқсат сұрамаған. Сондықтан оның төртжылдықтың ірі додасына қатысу-қатыспауы белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001809-zaraqytan-aiyqty-karim-benzema-alem-cempionatynyn-finalyna-qatysa-ma/

pixel