Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ күресінен Әлем чемпионаты: Ел қоржынына тағы жеті алтын медаль түсті

Опубликовано:

Қазақстан Барысы
Көрнекі фото: "Qazaq kuresi" қауымдастығы

Қазақ күресінен өтіп жатқан Әлем чемпионатының үшінші күні өз мәресіне жетті. Бұл күні жастар мен жасөспірімдер (U17 және U20) кілемге шығып, әрқайсысы 5 салмақ дәрежесінде сынға түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ nілшісі "Қазақ күресі" қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

U17 жастағылар арасында Аманұлы Ақылбек (50 келі), Әлімби Әли (60 келі) және Әбдісәметұлы Сардар (+82 келі.) чемпион атанды.

Жоспар Олжас (70 келі) күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал Қуан Қыдырмолда (50 келі), Тұғышев Рузимин (60 келі), Темірхан Дәрусейітхан (82 келі) үздік үштіктің қатарынан көрінді.

U20 жас тобына келер болсақ, Теміржан Руслан (60 келі), Жұмажан Қожамбеков (74 келі), Бибарыс Нұғман (84 келі), Ерасыл Амангелді (+100 келі) чемпион атанды.

Шоқан Нұрмаханбетов (100 келі) күміс медальға ие болса, Алтынбек Қалмақбаев (60 келі), Ералхан Балтабай (72 келі), Мейіржан Беріков (100 келі) және Мейіржан Әбдімәліков (+100 келі) үшінші орынға табан тіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2001814-qazaq-kuresinen-alem-cempionaty-el-qorzynyna-tagy-zeti-altyn-medal-tusti/

pixel