Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында Шәміл Серіковты еске алуға арналған жастар арасындағы Еуразиялық турнир өтеді

Опубликовано:

Шәміл Серіковты еске алуға арналған турнир. Фото
Шәміл Серіковты еске алуға арналған турнир. Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысының “Үшқоңыр” спорт кешенінде 16-17 желтоқсанда грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, Еуропа чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері Шәміл Серіковты еске алуға арналған жастар арасындағы Еуразиялық турнир өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Беделді жарыста 18-22 жас аралығындағы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстанның 9 аймағынан балуандар белдеседі. Барлығы 200 қатысушы болады деп күтілуде.

Жарыста Қазақстан жастар құрамасына үздіктер іріктеледі. Серіков сайысында қазіргі құрама мүшелері, әлем чемпионатының жүлдегерлері мен Азия чемпиондары боз кілемге шығады.

Қазақстанда грек-рим күресін насихаттау, Еуразия елдерінің арасында достық қарым-қатынасты нығайту турнирдің негізгі мақсаты. 

Шәміл Серіковты еске алуға арналған турнир. Фото
Шәміл Серіковты еске алуға арналған турнир. Фото: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жарыстың жүлде қоры: 3 миллион теңге. Әр салмақ дәрежесінде 1 орынға - 100 мың тг, 2 орынға - 70 мың тг, 3 орындарға - 50 мың тг сыйақы табысталады. Барлығы: 10 салмақ дәрежесі.

Алматы облысының дене шынықтыру және спорт Басқармасы, Алматы облыстық бұқаралық-спорттық іс-шараларды өткізу орталығы, ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы, Алматы облысының  грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы шараның ұйымдастырушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2001899-almaty-oblysynda-samil-serikovty-eske-aluga-arnalgan-zastar-arasyndagy-euraziyalyq-turnir-otedi/

pixel