Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық Сергей Морозов UFC-де жеңіске жетті

Опубликовано:

Сергей Морозов
Сергей Морозов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

Кеше АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен өткен UFC Fight Night 216 турнирінде қазақстандық Сергей Морозов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылым мәліметінше, Морозов америкалық Джурни Ньюсонға қарсы жекпе-жекте ивент кардын ашты.

Үш раундқа созылған (- 30-27; 29-28; 29-28) жекпе-жек төрешілердің шешімімен бірауыздан Морозовтың жеңісімен аяқталды.

Сергей үшін бұл жеңіс кәсіби мансабындағы 19-шы және UFC-дегі бес кездесуден кейінгі үшінші жетістігі болды. Ал АҚШ ұйымымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойылғаннан кейінгі Морозовтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі.

Бұл жекпе-жек Джорни Ньюсон үшін UFC-дегі үшінші, жалпы манбасындағы төртінші жеңілісі.

Жекпе-жектен кейін қазақстандық Морозов бірнеше сұрақтарға жауап берді. Оның айтуынша, ол жекпе-жекке туған жерінде дайындалған.

"Қазақстанда және American Top Team-да дайындалдым. Дайындық жақсы болды. Өзімді де жақсы сезініп тұрмын", - деді Морозов.

Сергейдің айтуынша, ол өзінің бар мүмкіндігін әлі көрсетпеген.

"Өздеріңіз білесіздер, мен мықты азаматтармен жекпе-жекке шығып жүрмін. Олардың кейбірі қазір, кейбірі бұрын ТОП-15 үздіктің қатарында болды. Бұл жекпе-жек мен үшін кезекті сынақтың бірі. Алланың қалауымен, одан сәтті өтіп, жеңіске жеттім. Мен кез келген шақыруға, кез келген уақытта дайынмын. Өзімнің бар мүмкіндігімді әлі толықтай көрсетпегенімді сеземін", - деп жазды басылым спортшының сөзін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2001952-qazaqstandyq-sergei-morozov-ufc-de-zeniske-zetti/

pixel