Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатының финалы: Аргентина Франция қақпасына екі гол соғып үлгерді

Опубликовано:

Лионель Месси гол соққан сәтін тойлауда
Лионель Месси. Фото: twitter/fifaworldcup

Катар астанасы Дохада футболдан әлем чемпионатының финалдық кездесуі өтіп жатыр. Ақтық сында Франция мен Аргентина құрамалары кездесуде, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бірінші тайм қорытындысы бойынша Аргентина құрамасы Францияны 2:0 есебімен ұтып жатыр.

Ойынның 23-минутында Лионель Месси пенальти арқылы есеп ашса, 36-минутта Анхель Ди Мария есепті еселеді.

Осылайша, Аргентина құрамасы әлем чемпионы атағына бір қадам жақындады.

Айта кетелік, кеше әлем біріншілігінің қола жүлдегері анықталды. Хорватия мен Марокко арасындағы матчта 2:1 есебімен еуропалық команда жеңіске жетті.

Қазіргі есеп бойынша әлем чемпионатында жалпы есебі 166 гол соғылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001977-alem-cempionatynyn-finaly-argentina-franciya-qaqpasyna-eki-gol-sogyp-ulgerdi/

pixel