Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Финал: Мбаппе ойын аяқталуға он минут қалғанда екі гол соқты

Опубликовано:

Килиан Мбаппе
Килиан Мбаппе. Фото: Buda Mendes/Getty Images

Катардағы әлем чемпионатының финалдық кездесуі ерекше қарқынмен өтуде. 80 минут бойы ұтылып жатқан француздар таразы басын теңестірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Франция құрамасының екі голын да Киллиан Мбаппе соқты.

Ол ойынның 80-минутында пенальти соқса, араға бір минут салып есепті еселеді.

Осылайша, Аргентина мен Франция арасындағы матч 2:2 есебімен өтіп жатыр.

Айта кетелік, бірінші таймда аргентиналық ойыншылар екі гол соғып, алда келе жатқан еді.

Алдымен Лионель Месси пенальтиден есеп ашса, кейін Анхель Ди Мария мергендігімен көзге түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001981-final-franciya-oiyn-ayaqtaluga-on-minut-qalganda-eki-gol-soqty/

pixel