Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Нағыз драма": Аргентина араға 36 жыл салып футболдан әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

Лионель Месси кубокті көтеруде. Катар, Доха. 18 желтоқсан 2022 жыл
Аргентина құрамасы. Фото: twitter/fifaworldcup

Катар астанасы Дохада футболдан әлем чемпионаты аяқталды. 120 минутқа созылған финалдық матчта Аргентина чемпион атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ойын өте тартысты өтті. 80-минутқа дейін Аргентина 2:0 есебімен алда тұрған. Кейін Киллиан Мбаппе есепті теңестіріп, экстра таймда жалғасты.

Қосымша таймда да Лионель Месси мен Киллиан Мбаппе бір голдан салып, матч 3:3 есебімен тең түсті.

Пенальти сериясында Аргентинаның бағы жанды. Аргентина құрамасының қақпашысы екі допты қайтарып, Аргентина әлем чемпионы атанды!

Осылайша, Аргентина құрамасы 1986 жылдан бері алғаш рет чемпион атанды. Бұл команданың әлемдік мундиалдағы үшінші жеңісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001982-nagyz-drama-argentina-araga-36-zyl-salyp-alem-cempiony-atandy/

pixel