Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Катардағы әлем чемпионатының ең үздік ойыншылары кімдер

Опубликовано:

Мбаппе
Киллиан Мбаппе. Фото: Twitter/FIFA World Cup

Катарда аяқталған футболдан әлем чемпионатының ең үздік ойыншылары анықталды. Олардың қатарында жеңімпаз атанған Аргентина құрамасының үш футболшысы бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Турнирдің ең үздік жас ойыншысы атағын аргентиналық Энцо Фернандес иеленді.

Турнирдің ең үздік қақпашысы атағына Аргентина құрамасының қақпашысы Эмилиано Мартинес лайық деп танылды.

Әлем чемпионатының үздік сұрмергеніне берілетін "Алтын бутсы" франциялық Киллиан Мбаппеге бұйырды. Ол Катардағы мундиальда жалпы есебі 8 гол соққан.

Ал әлем біріншілігінің ең үздік ойыншысы атағын Лионель Месси жеңіп алды.

Айта кетелік, футболдан әлем чемпионы атағы Аргентина құрамасына бұйырды. Лионель Месси бастаған команда араға 36 жыл салып, алтын кубокты көтерді.

Ең соңғы рет Аргентина 1986 жылы жеңімпаз атанған еді. Жалпы алғанда, бұл команда өз тарихында үшінші рет әлем чемпионы атанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2001983-katardagy-alem-cempionatynyn-en-uzdik-oiynsylary-kimder/

pixel