Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Надежда Морозова Әлем кубогы кезеңінде ел қоржынына медаль салды

Опубликовано:

Надежда Морозова
Надежда Морозова. Фото: olympic.kz

Канаданың Калгари қаласында конькимен жүгіруден Әлем Кубогының төртінші кезеңінде қазақстандық Надежда Морозова қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1500 метрлік жарыста ел намысын қорғаған отандық конькиші үшінші нәтиже көрсетті.

Ұлттық құрама спортшысы жапониялық Михо Такаги мен Нидерланд өкілі Антуанетта Рийпма-де Йонгтен ғана қалып қойды.

Айта кетейік, Калгаридегі төртінші кезеңнен соң конькишілер үшін халықаралық жарыс аяқталады. Бесінші кезең 2023 жылы 10-12 ақпан аралығында Польшаның Томашув-Мазовецкий қаласында өтеді деп жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2002040-nadezda-morozova-alem-kubogy-kezeninde-el-qorzynyna-medal-saldy/

pixel