Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкім бұлай көрмеген шығар": Отандық футболшы өзінің үйлену тойында Аргентинаның жеңісіне балаша қуанды (видео)

Опубликовано:

Нұралы Әліп Аргентина жеңісіне қуануда
Нұралы Әліп Аргентина жеңісіне қуануда. Скриншот: instagram/jandos_samalbekov

Жақында ғана "Зенит" сапына ауысқан Қазақстан құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп кеше үйлену тойын өткізді. Бір қызығы, тойға жиналған қауым тура мейрамхананың ішінен әлем чемпионатының финалын тамашалаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тойдан тараған ерекше видеоны танымал әнші әрі актер Жандос Самалбеков жариялады. Видеодан белгілі болғандай, тойға келген қонақтар әлем чемпионатының финалын тікелей эфирден тамашалаған. Ал тойдың басты кейіпкері - күйеу жігіт Нұралының өзі Аргентинаның жанкүйері екен. Ол тойын дәл осы күнге арнайы белгілеген.

Ал Аргентина пенальти сериясы арқылы жеңіске жеткен соң, той қонақтары ортаға жиналып, әлем кубогінің жасанды нұсқасын төбеге көтереді.

"Бүгін, Айгерім мен Нұралының тойында Аргентина чемпион атанды. Бүкіл әлемде футболды бұлай ешкім тамашаламаған болар", - деп жазды Самалбеков.

Айта кетелік, футболдан Катардағы әлем чемпионаты Аргентинаның жеңісімен аяқталды. Финалда олар Францияны пенальти сериясы арқылы жеңді.

Ойынның негізгі және қосымша уақыты 3:3 есебімен тең аяқталған болатын. Аргентина сапынан Лионель Месси дубль жасап, Анхель Ди Мария бір гол соқса, Франция құрамынан Киллиан Мбаппе хет-трек авторы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002042-eskim-bulai-kormegen-sygar-otandyq-futbolsy-ozinin-uilenu-toiynda-argentinanyn-zenisine-balasa-quandy-video/

pixel