Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Хоккейден жастар арасындағы Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының нәтижесі қандай

Опубликовано:

хоккей
Көрнекі фото: pexels.com

Норвегияның Аскер қаласында жастар арасында (U-20) шайбалы хоккейден Әлем чемпионатының І дивизиондағы А тобының ойындары аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шешуші матчта Қазақстан құрамасы алаң иелері Норвегиядан 3-5 есебімен ұтылып қалды.

Осылайша, отандық хоккейшілер тобында екінші орынға ие болып, Әлем чемпионатының топ-дивизионына шыға алған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін хоккейден Қазақстан жастар құрамасы Словенияны (4-2), Данияны (4-0) және Мажарстаннан (3-2) айласын асырған еді. Ал алғашқы ойын күні отандық хоккейшілер Франция құрамасына (2-0) есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2002047-xokkeiden-zastar-arasyndagy-alem-cempionaty-qazaqstan-quramasynyn-natizesi-qandai/

pixel