Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі аяғы жоқ америкалық балуан алғаш рет ММА-ден жеңіске жетті (видео)

Опубликовано:

Зайон Кларк
Зайон Кларк. Фото: instagram/bigz97

Ережесіз жекпе-жектен Сан-Диегода өткен Gladiator Challenge: Season's Beatings турнирінде америкалық Зайон Кларк жеңіске жетті. Бұл екі аяғы да жоқ спортшының алғашқы жекпе-жегі, деп хабарлайды Спорт Экспресс басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

25 жастағы Кларк өте сирек кездесетін ауруға шалдыққан. Жылдар өткен сайын оның денесінің төменгі жағы жұмыс істеуін тоқтатады.

Бастауыш сыныпта күреспен айналысқан Кларк өте жақсы нәтиже көрсетіп, қарсыластарымен жиі бәсекелесіп жүрген. Уақыт өте келе сырқаты күшейіп, Зайонның екі аяғы да істен шығады.

Кларктың ММА-дегі алғашқы жекпе-жегі Юджин Мюррейге қарсы өтті. Зайонның денсаулық жағдайына байланысты Юджинге аяғымен тебуге және басынан тіземен ұруға шектеу қойылды.

Аталған жекпе-жекте төрешілер бірауыздан Зайон Кларкты жеңімпаз деп таныды.

"Мен екі аяғымның жоқтығымен ғана ерекшеленбеймін. Менің ішім жанып тұр. Күн сайын тек алға басамын және ақталғанды жек көремін. Мен кәсіби мансабымды бастаймын", - деді Кларк.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2002126-eki-ayagy-zoq-amerikalyq-baluan-algas-ret-mma-den-zeniske-zetti-video/

pixel