Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ең нашар чемпионат": Роналдудың туған әпкесі Аргентинаның жеңісіне қатысты жазба қалдырды

Опубликовано:

Роналду
Роналду жасыл алаңда. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Футболдан әлем чемпионы атанған Аргентинаны танымал тұлғалардың барлығы дерлік құттықтауда. Тек Криштиану Роналду ғана үнсіз. Есесіне, оның әпкесі Мессидің командасы жайлы жазба қалдырды, деп жазады sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Катя Авейру Катардағы әлем чемпионатын тарихтағы ең нашар біріншілікке теңеді.

"Бұған дейін өткізілген әлем чемпионаттарының ішіндегі ең нашар чемпионат. Қуанышқа қарай, бізге керемет финал сыйлады. Матч деп осыны айт. Аргентинаны құттықтаймын", - деп жазды Роналдудың әпкесі.

Сондай-ақ ол Киллиан Мбаппенің болашағынан зор үміт күтетінін айтқан.

Еске сала кетейік, Португалия ширек финалда Мароккодан 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002130-en-nasar-cempionat-ronaldudyn-tugan-apkesi-argentinany-zenisine-qatysty-zazba-qaldyrdy/

pixel