Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешқашан кеш емес": Бразилиялық спортшы 42 жасында жүзуден әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

Николас Сантос жарыстан соң
Николас Сантос. Фото: fina.org

Қысқа қашықтыққа жүзуден Австралияда өтіп жатқан әлем чемпионатында бразилиялық Николас Сантос чемпион атанды. Ол әлем біріншілігінің алтынын 42 жасында иеленіп отыр, деп хабарлайды Спорт Экспресс басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

42 жастағы бразилиялық спортшы 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жеңімпаз атанды. Ол аталған қашықтықты 21,78 секундта жүзіп өткен.

Осылайша, Николас екінші жыл қатарынан чемпион атанып, әлемдік доданың алтынын алған ең үлкен спортшы ретінде тарихта қалып отыр.

Николас 2021 жылғы әлем чемпионатында да топ жарған болатын. Ал 2017 жылы әлем біріншілігінде жүлдегер атанған ең жасы үлкен спортшылар тізімін бастап тұрды.

Бразилиялық жүзгіш допинг ережесін бұзғаны үшін де назарға іліккен. Бірақ ол қысқа мерзімге шеттетіліп, үлкен спортқа оралған бойда әлем чемпионатының екі алтынын алып үлгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2002206-esqasan-kes-emes-braziliyalyq-sportsy-42-zasynda-zuzuden-alem-cempiony-atandy/

pixel