Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік боксшы қыз Мессидің жеңісіне қуанып, халатпен билей жөнелді (видео)

Опубликовано:

Жайна Шекербекова
Жайна Шекербекова. Фото: kfb.kz

Қазақстандық боксшы, 2022 жылғы Азия чемпионы Жайна Шекербекова әлем чемпионатында жеңіске жеткен Аргентинаға ерекше қолдау көрсетті. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Шекербекова финалда Лионель Мессидің командасына жанкүйер болып, аргентиналықтардың қуанышына ортақтасты. Ол теледидар алдында Аргентинаның құрметіне халатпен билей жөнелген. Осы кезде "Чайф" тобының "Аргентина-Ямайка - 5:0" әні шырқалып жатты.

Еске сала кетейік, Жайна Шекербекова Азия чемпионаттарында бірнеше рет жүлде алған және әлем біріншілігінің күміс медаль иегері.

Ал Аргентина Катардағы әлем чемпионатының финалында Францияны пенальти сериясы бойынша жеңіп, алтын кубокті иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2002219-symkenttik-bokssy-qyz-messidin-zenisine-quanyp-xalatpen-bilei-zoneldi-video/

pixel