Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марокколық ойыншы әлем чемпионатында алған сыйақысын мұқтаждарға таратып берді

Опубликовано:

Зиеш Хаким
Зиеш Хаким. Фото: sports.ru

Футболдан Марокко құрамасының басты жұлдыздарының бірі Зиеш Хаким әлем чемпионатына қатысқаны үшін берілген сыйақысының барлығын мұқтаж жандарға таратып берді, деп хабарлайды Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Марокколық журналист Халед Бейдуннің хабарлауынша, лондондық "Челси" ойыншысы өз едіндегі кедей әрі мұқтаж жандарға 325 мың АҚШ долларын таратқан.

Айта кетелік, Зиеш 2015 жылдан бері Марокко құрамасында ойнағаны үшін берілетін сыйақыдан бас тартып, қайырымдылыққа жұмсауды әдетке айналдырған. Ұлттық құрамада ойнағаны үшін берілетін бар табысын ол мұқтаж жандарға үлестіреді.

Бұған дейін Зиештің қайырымдылыққа ерекше көңіл бөлетіні туралы материал жариялаған едік. Ол өзінің жол апатына түскен әріптесіне де көмек қолын созған.

Ал Марокко құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетіп, Францияға 0:2 есебімен жол берді. Ал үшінші орын үшін өткен матчта Хорватиядан 1:2 есебімен ұтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002421-marokkolyq-oiynsy-alem-cempionatynda-algan-syiaqysyn-muqtazdarga-taratyp-berdi/

pixel