Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Роналду клубсыз қалуы мүмкін": Футболшыға арабиялық ұжымнан басқа ешкім қызықпай отыр

Опубликовано:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду. Фото: Tibor Illyes - Pool/Getty Images

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду клубсыз қалуы мүмкін. Оған бүгінге дейін ресми ұсынысты бір ғана команда жасаған, деп хабарлайды Championat.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Саудиялық "Әл Насср" клубынан басқа Роналдуға ешбір ұжымнан ұсыныс түспеген. Дереккөздің мәліметінше, "Әл Насср" клубы Роналдуға жылына 200 млн еуро көлемінде жалақы ұсынып отыр. Арабиялық клуб жыл соңына дейін Криштиану шешім қабылдап, қатарға қосылады деген сенімде.

Сондай-ақ катарлық "Әл Садд" клубы да шабуылшыға ұсыныс жасағаны туралы сыбыс тараған. Бірақ тараптар келісімге келген жоқ.

Айта кетелік, 2022 жылғы әлем чемпионатының қарсаңында Роналду "Манчестер Юнайтед" клубымен келісімшартты тоқтатты. Ал Португалия құрамасы ширек финалға жетіп, Мароккоға есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002430-ronaldu-klubsyz-qaluy-mumkin-futbolsyga-arabiyalyq-uzymnan-basqa-eskim-qyzyqpai-otyr/

pixel