"Сөйлетіп жібердік": Қазақ тілінде мәлімдеме жасаған бразилиялық боксшыға Әлімханұлы жауап қатты
Опубликовано:

Белгілі қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық былғары қолғап шеберінің Twitter желісіндегі мәлімдемесіне пікір білдірді. Эскива Фалькао жазбаны қазақ тілінде қалдырған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Мен екі қазақстандық боксшыны жеңіп, әлемді билеймін. Менің қара тізімімде бірнеше спортшы бар. Мен нокаутқа түсіретін күшімді көрсетемін", - деді Эскива Фалькао.
Бұл жазба желіде жанкүйерлердің талқысына түскен еді. Кейінірек Жәнібек Әлімханұлы бразилиялық боксшының мәлімдемесіне пікір білдірді.
"Қазақ тілім! Болашақ қарсыластарды да қазақша сөйлетіп жібердік. Фалкао, оянсай", - деді отандық боксшы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегінде қарсыласынан басым түскенін жазған едік.
Лас-Вегаста өткен бокс кеші он екі раундқа жоспарланып, соңына дейін жалғасты.
Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектің жеңімпазы атанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2002471-soiletip-ziberdik-qazaq-tilinde-malimdeme-zasagan-braziliyalyq-bokssyga-alimxanuly-zauap-qatty/