Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатындағы ең үздік голды кім соқты

Опубликовано:

Бразилия құрамасы
Бразилия құрамасының футболшылары. Фото: Tiwtter/Fifa World Cup

Футболдан Катарда өтіп жатқан Әлем чемпионатында 172 гол соғылған. Бұл - турнир тарихындағы рекордтық көрсеткіш. ФИФА біріншіліктің "ең үздік голы" номинациясына үміткер футболшылардың тізімін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Халықаралық ұйым үздік он голдың тізімін ұсынды. Олардың қатарында Бразилия шабуылшысы Ришарлисонның Сербия және Оңтүстік Корея, Нидерланды ойыншысы Гакпоның Эквадор, Франция сұрмергені Киллиан Мбаппенің Польша, Бразилия мақтанышы Неймардың Хорватия, Оңтүстік Кореяның жартылай қорғаушысы Пайк Сын Хоның Бразилия, Мексика ойыншысы Луис Чавестің Сауд Арабия, Камерун шабуылшысы Абубакардың Сербия, Сауд Арабия футболшысы Аль-Досаридың Аргентина қақпасына соққан добы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002512-alem-cempionatyndagy-en-uzdik-goldy-kim-soqty/

pixel