Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иско "Севилья" клубы сапынан кетті

Опубликовано:

алаң
Фото: pexels.com

Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Иско "Севилья" клубы сапынан кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

30 жастағы футболшы мен Испания біріншілігінде өнер көрсететін клуб келісім-шартты бұзу туралы ортақ шешімге келген.

Айта кетейік, Иско осы жылдың тамыз айында "Реал Мадрид" сапынан еркін агент ретінде кетіп, "Севилья" ойыншысы атанған еді.

Осы маусымда жартылай қорғаушы 19 матчқа қатысып, 1 гол соққан. Сонымен қатар жартылай қорғаушы әріптестеріне үш нәтижелі пас шығарып берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002518-isko-sevilya-kluby-sapynan-ketti/

pixel