Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Криштиану Роналду Сауд Арабиясына ұшып келді

Опубликовано:

Криштиану Роналду жасыл алаңда
Криштиану Роналду. Фото: twitter/fifaworldcup

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың Сауд Арабиясына ұшып келгені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Championat.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Foot Mercato хабарлауынша, 37 жастағы футболшы Сауд Арабиясында жүр. Ол өзіне ұсыныс білдірген "Әр Насср" клубы орналасқан Эр-Рияд қаласына ұшып келген.

Басылым мәліметінше, Роналду жақын арада клубпен 2 жарым жылдық келісімшарт жасасуы мүмкін. Криштиануға саудиялық клуб бір маусым үшін 200 млн еуро ұсынбақшы.

Айта кетелік, Катардағы әлем чемпионатының қарсаңында Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтед" клубынан кетіп қалды.

Сондай-ақ Португалия құрамасы да әлемдік сында сәтсіз өнер көрсетіп, ширек финалда жарысты аяқтады.

Әлем біріншілігінде Роналду 5 матч өткізіп, бір гол соққан.

Чемпионаттан соң Криштианудың "Реал" клубының базасында жаттығу жасағаны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002560-baq-kristianu-ronaldu-saud-arabiyasyna-usyp-keldi/

pixel