Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатерлі дертке шалдыққан футбол королі Пеленің жағдайы нашарлап кетті

Опубликовано:

Пеле
Пеле. Фото: Robert Cianflone/Getty Images

Әлем футболының аңызы саналатын Пеленің денсаулық жағдайы нашарлап кетті. 82 жастағы бұрынғы футболшы қазір ауыр дертпен күресіп жатыр, деп хабарлайды Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сан-Паулудағы Альберт Эйнштейн атындағы клиника өкілдері үш дүркін әлем чемпионы Пеленің жағдайы қиындап кеткенін хабарлады.

Дәрігерлер Пелеге бүйрек және жүрек жетіспеушілігі диагнозын қойған. Одан бөлек, қатерлі ісік те белең алып барады.

"Әлемнің әр түкпірінен бізге жолдаған махаббатарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің дұғаларыңыз бен көңілдеріңіз бізге үлкен жұбаныш", - деп жазды Пеленің қызы әлеуметтік желіге.

Пеле 29 қараша күні ауруханаға жатқызылған. Бұған дейін тоқ ішек рагына қарсы берілген химиотерапиялардың нәтиже бермегенін белгілі болды.

Пеле Бразилия құрамасы сапында футболдан үш дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз спортшы. Ол 1958, 1962 және 1970 жылдары өткен доп додасында жеңіске жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002584-qaterli-dertke-saldyqqan-futbol-koroli-pelenin-zagdaiy-nasarlap-ketti/

pixel