Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина "Алтын адам" сыйлығының лауреаты атанды

Опубликовано:

Рыбакина
Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Қазақстанның бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Елена Рыбакина "Алтын адам" сыйлығының лауреаты атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елена Рыбакина "Спорттағы жыл серпілісі" аталымы бойынша үздік шықты.

Биыл 23 жастағы спортшы Қазақстан теннисі тарихында алғаш рет жекелей сында Уимблдонда топ жарды. Сондай-ақ тағы екі WTA турнирінің жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, аталған байқауды "Еуразия жыл адамы" ұйымдастыру комитеті 2000 жылдан бері өткізіп келеді. Түрлі саладағы жыл үздіктеріне "Алтын адам" сыйлықтары тапсырылып жүр. Оны анықтау үшін тұрғындар арасында сауалнама жүргізіліп, сарапшылар дауыс береді, ұйымдастыру комитеті талдау жасап, қазылар алқасы үздіктерді таңдайды.

Әр жылдары Қазақстанда Ольга Шишигина, Илья Ильин, Александр Винокуров, Елена Хрусталева, Геннадий Головкин, Дмитрий Баландин, Фируза Шәріпова, Қазбек Валиев, Зульфия Габидуллина және басқа спортшылар лауреат атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2002620-elena-rybakina-altyn-adam-syilygynyn-laureaty-atandy/

pixel