Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионатында ең көп голды қай клубтың футболшылары салды

Опубликовано:

Киллиан Мбаппе
Киллиан Мбаппе. Фото: Twitter/Fifa World Cup

Футболдан Катардағы Әлем чемпионатында ең көп голды қай клубтың футболшыларының салғаны белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ең көп голды париждік "ПСЖ" клубының футболшылары салған. Олардың еншісінде он сегіз доп бар.

Екінші орында сегіз голмен "Манчестер сити" ойыншылары тұр. Үшінші орындағы "Барселона" клубының көрсеткіші де англиялық ұжыммен бірдей.

Төртінші орынға "Милан" жайғасқан. Италиялық клубтың футболшылары жеті мәрте мергендігімен көзге түскен.

Үздік бестікті алты доппен "Манчестер Юнайтед" қорытындылады. Эрик Тен Хагтың шәкірттері Әлем біріншілігінде алты гол соққан.

Айта кетейік, Катардағы Әлем чемпионатында Киллиан Мбаппе үздік сұрмерген атанды. Ол турнирде сегіз рет қақпашылардан айласын асырған. Екінші орынды жеті гол соққан Лионель Месси алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002623-alem-cempionatynda-en-kop-goldy-qai-klubtyn-futbolsylary-saldy/

pixel