Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иран билігі 26 жастағы танымал футболшыны өлім жазасына кескенін жоққа шығарды

Опубликовано:

Әмір Реза Насыр Азадани жасыл алаңда жаттығуда
Әмір Реза Насыр Азадани. Фото: instagram/amirnasrazadaniofficial

Иран билігі 26 жастағы футболшы Әмір Реза Насыр Азадани өлім жазасына кесілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттық чемпионаттағы "Трактор" клубының бұрынғы қорғаушысы Азадани қараша айының соңында қамауға алынды. Ал кейін оның есімі өлім жазасына кесілгендердің тізіміне енді.

Әлем чемпионатының финалынан соң Колумбия президенті Густаво Петро Аргентина құрамасын құттықтай отырып, ерекше жазба қалдырды.

"Месси мен Аргентина халқы үшін өте қуаныштымын және Иран футболды өлтірмесін", - деп жазды. Сондай-ақ саясаткер Азаданидің суретін салып: "Оны өлтірмеңдер", - деп жазба қалдырған.

Колумбиядағы Иран елшілігі аталған мәліметке қатысты ақпарат беріп, мұның жалған екенін айтты.

"Сот процесі әлі болған жоқ. Сондықтан өлім жазасы туралы жаңалық таза өтірік", - делінген елшілік жауабында.

Сонымен қатар елшілік өкілдері футболшы Азаданидің үш полицей мен қауіпсіздік қызметкерлерін өлтірген қылмыстық топқа жататын бесінші айыпталушы екенін айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002630-iran-biligi-26-zastagy-tanymal-futbolsyny-olim-zazasyna-keskenin-zoqqa-sygardy/

pixel