Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақтөбе" футбол клубының капитаны екінші қыздың әкесі атанды

Опубликовано:

Юрий Логвиненко қызымен
Юрий Логвиненко. Фото: instagram/fcaktobe_official

Футболдан Қазақстан құрамасы мен "Ақтөбе" клубының ойыншысы Юрий Логвиненконың отбасы тағы бір жанмен толықты. Бұл туралы клубтың ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

34 жастағы футболшының екінші қызы дүниеге келді.

"Бауы берік болсын! "Ақтөбе" капитаны Юрий Логвиненко екінші мәрте қызды болды.

Юраны және оның жары Еленаны қызды болуымен шын жүректен құттықтай отырып, отбасына бақыт, жас ана мен жаңа туған нәрестеге денсаулық тілейміз", - делінген клуб хабарламасында.

Юрий Логвиненко Ақтөбе футбол мектебінің түлегі. Ол 2008 жылдан бері Қазақстан ұлттық құрамасында ойнап келеді.

Футболшы ұлттық құрамада 57 ойын өткізіп, 5 гол соққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002647-aqtobe-futbol-klubynyn-kapitany-ekinsi-qyzdyn-akesi-atandy/

pixel