Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина тағы бір атаққа қол жеткізді

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

Астанада "Жеңімпаз рухы" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Қазақстанның бірінші ракеткасы, Уимблдон-2022 турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина "Спорттағы жыл серпілісі" номинациясы бойынша үздік шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жыл серпілісі" номинациясында маған дауыс бергендердің барлығына алғыс айтамын. Бұл ұлкен құрмет, аталған марапат мен үшін өте маңызды. Өкінішке орай, мен марапатты жеке ала алмадым, өйткені қазір Дубайда оқу-жаттығу жиынындамын және жақында Аустралиядағы жарыстарда ойнау үшін сол жаққа жол жүремін. Бір жыл бойы маған қолдау көрсетіп, уайымдаған барлық қазақстандықтарға тағы да үлкен рахметімді айтқым келеді. Алдағы жылы да сіздерді жақсы нәтижелермен қуанта беремін деп сенемін. Номинациялар бойынша барлық жеңімпаздарды құттықтаймын, сәттілік пен бар жақсылықты тілеймін" - деді Елена Рыбакина.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы жекелей сында биыл отандасымыз Елена Рыбакина алғаш рет "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалда ол әлемнің 2-ракеткасы, тунистік Онс Жаберді жеңді.

Бұл Қазақстан үшін тарихи жеңіс. Себебі осы уақытқа дейін ешбір қазақстандық теннисші "Үлкен дулыға" жарысының титулын иеленбеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2002751-elena-rybakina-tagy-bir-ataqqa-qol-zetkizdi/

pixel