Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдодан Иерусалимдегі халықаралық турнир аяқталды: отандық спортшылардың нәтижесі қандай

Опубликовано:

Елдос Сметов белдесу кезінде
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Дзюдодан Иерусалимдегі Masters сериясындағы халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың қорытынды турнирінде Қазақстан атынан 9 ер, 4 әйел, жалпы есебі 13 спортшы сынға түсті. Алайда байрақты бәсекеде спортшылардың бірі де жеңіс тұғырынан көрінген жоқ.

Үздік нәтиже Абиба Абужакыноваға тиесілі. 48 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Әлем чемпионатының жүлдегері бесінші орынды қанағат тұтты. Ал Жансай Смағұлов 73 келіге дейінгі салмақта жетінші сатыдан бой көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2002850-dzyudodan-ierusalimdegi-xalyqaralyq-turnir-ayaqtaldy-otandyq-sportsylardyn-natizesi-qandai/

pixel