Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2018 жылы Әлем чемпионатын жеңіп алған франциялық футболшы мансабын аяқтады (фото)

Опубликовано:

алаң
Футбол стадионы. Фото: pexels.com

Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы Блез Матюиди мансабын аяқтау туралы шешімге келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жартылай қорғаушы бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Футбол, мен сені қатты жақсы көрдім. Футбол, сен маған көп нәрсе бердің. Алайда бәрін тоқтататын кез келді", - деді 35 жастағы футболшы.

Айта кетейік, Блез Матюиди 1987 жылы 9 сәуір күні өміпрге келген. Ол "Олимпик", "Ювентус", "ПСЖ", "Интер Майами" секілді клубтарда доп тепкен.

Жартылай қорғаушы Франция құрамасының сапында 2018 жылы Ресейде өткен Әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002870-2018-zyly-alem-cempionatyn-zenip-algan-franciyalyq-futbolsy-mansabyn-ayaqtady-foto/

pixel