Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуропалық клубтар Роналдуды сатып алудан бас тартып отыр

Опубликовано:

Роналду
Роналду жасыл алаңда. Фото: David S. Bustamante/Soccrates/Getty Images

"Манчестер Юнайтед" клубынан кетерде біраз дау шығарған Криштиану Роналдудың жағдайы қиындай түсті. Еуропалық клубтар оны сатып алудан бас тартуда, деп хабарлайды Спорт Экспресс.

Чемпиондар лигасында өнер көрсететін еуропалық клубтардың Роналдудан бас тартқаны белгілі болды.

37 жастағы футболшыны қатарға қоспаудың басты себебі - ойыншының қараша айында "Манчестер Юнайтед" клубынан дай-дамаймен кетуі. Сондай-ақ Роналдудың әлем чемпионатын барысында Португалия құрамасындағы орнын жоғалтқаны да оның мансабына кері әсерін тигізуде.

Клуб иелері Роналдудың жасы мен оның талап ететін жалақысына қарап, оны сатып алудың қажеті жоқтығын айтуда.

Қазіргі таңда Криштиану Роналду клубсыз жүр. Оған ресми ұсыныс жасап отырған жалғыз клуб - саудиялық "Әл Насср" ұжымы. Арабиялық клуб футболшыға жылына 200 миллион еуро жалақы беруге келісіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2002938-europalyq-klubtar-ronaldudy-satyp-aludan-bas-tartyp-otyr/

pixel