Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемге әйгілі шахматшы Магнус Карлсен Алматыға келді

Опубликовано:

Магнус Карлсен әуежайда
Магнус Карлсен. Фото: instagram/kzchessfederation

Шахматтан әлем чемпионы, норвегиялық Магнус Карлсен Алматыға келді. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының желідегі ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әуежайда оны жас жанкүйер – шахматшы Дилайла Сәдуақасова күтіп алды. Магнус 25-30 желтоқсан аралығында Алматыда өтетін шахматтан әлем біріншілігіне қатысады.

Алматыдағы әлемдік сында 50 елден келген үздік шахматшылар бақ сынап, өзара мықтыны анықтайды. Жарыстың жүлде қоры - 1 миллион АҚШ доллары.

Магнус Карлсен 1990 жылы 30 қарашада дүниеге келген. Гроссмейстер (2004 жылдан бастап). Қазіргі әлем чемпионы (2013 жылдан бері ол 5 рет чемпион атанды және 2023 жылы өтетін Ян Непомнящий – Дин Лижэнь арасындағы жарыстың соңына дейін бұл титулды сақтайды).

Рапидтен үш дүркін әлем чемпионы (2014, 2015, 2019) және блицтен бес дүркін әлем чепионы (2009, 2014, 2017, 2018, 2019).

Оның ең жоғары рейтингі – 2882 (2014 жылдың мамыры мен 2019 жылдың тамызы). Бұл тарихтағы ең жоғары рейтинг.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2002949-alemge-aigili-saxmatsy-magnus-karlsen-almatyga-keldi/

pixel