Алматыда шахматтан әлем чемпионаты басталды
Опубликовано:

Алматы қаласында рапид және блиц шахматтан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, оңтүстік астанадағы турнирге әлемнің 50 елінен 300-ге жуық шахматшы, халықаралық төрешілер мен ФИДЕ өкілдері келген.
Жарыс 30 желтоқсанға дейін жалғасады және оның жүлде қоры 1 миллион долларды құрайды.
Чемпионаттың ресми ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және басқалар қатысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2002970-almatyda-saxmattan-alem-cempionaty-bastaldy/