Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев шахматтан әлем чемпионатына қатысушыларды құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Алматыда рапид және блиц шахматтан әлем чемпионаты басталды. Біріншіліктің ресми ашылу салтанатына мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін оқыды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанда осы турнирді өткізуге септігін тигізгені үшін Халықаралық шахмат федерациясының басшылығына ризашылығымды білдіремін. Мұндай беделді жарыстар елімізде шахматтың танымалдылығын арттыруға тың серпін берері сөзсіз.

Бүгінде қазақстандық шахматшылар балалар арасындағы және ересектер арасындағы Азия және әлем чемпионаттарында жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Олардың жетістігі өскелең ұрпақты интеллектуалды спорт түрлерімен шұғылдануға, алдына зор мақсаттар қойып, оған қол жеткізуге  жігерлендіреді.

Біз Қазақстанда шахматты жүйелі түрде дамытуды жалғастырамыз және Халықаралық шахмат федерациясымен ынтымақтастықта табысты жұмыс істеуге дайынбыз. Бұл біздің адам әлеуетін арттыру және зияткер ұлт қалыптастыру жөніндегі стратегиялық міндетімізге толық сай келеді. Турнир қатысушыларына жарыстан ұмытылмас әсер алып, жарқын жеңістерге жетуді тілеймін", –  деп жазылған президенттің құттықтау хатында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда шахматтан әлем чемпионаты басталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2002971-toqaev-saxmattan-alem-cempionatyna-qatysusylardy-quttyqtady/

pixel