Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" баскетбол клубы маңызды жеңіске қол жеткізді

Опубликовано:

Баскетбол
Фото: "Астана" баскетбол клубының ресми сайты

"Астана" клубы ВТБ Бірыңғай лигасындағы кезекті матчын өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елордалық ұжымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Минск" клубына қарсы матч Беларусь астанасында өтіп, отандық команданың пайдасына аяқталды. Есеп 65:76.

Кездесуден соң "Минск" бапкері пікір білдіріп, ойынға баға берді.

"Біріншіден, мен қарсыласымды лайықты жеңісімен құттықтаймын. "Астана" бүгін жақсы ойнады. Көптеген жайттар бар, бірақ мен бұл нюанстар мен қиындықтарға тоқталғым келмейді. Ойынға келетін болсақ, 17 ұпай тікелей бәсекелес үшін тым көп, менің ойымша, олар біздің жігіттердің жеке шеберлігінен асып түспейді. Кім болса да, біреуі жауапкершілікті өз мойнына алып, шабуылдарды жүзеге асыруы керек. Оң нәтиже алу үшін 65 ұпай тым аз. ВТБ Бірыңғай лигасының деңгейінде жеңіс үшін күресуге кем дегенде 75-80 ұпай жинау керек", — деді Ростислав Вергун. 

Еске сала кетейік, бұған дейін "Астана" баскетбол клубы қазандық УНИКС клубымен ойнап, жеңіліп қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2003012-astana-basketbol-kluby-manyzdy-zeniske-qol-zetkizdi/

pixel