Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уругвай құрамасының бұрынғы футболшысы 49 жасында қайтыс болды

Опубликовано:

еске алу
Көрнекі фото: pexels.com

Уругвай құрамасы мен туриндік "Ювентустің" бұрынғы ойыншысы Фабиан О Нил 49 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл ақпаратты Уругвай футбол федерациясы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында растады. Алайда ұйым спортшының неден көз жұмғанын жазбаған.

Шетелдік БАҚ ұсынған ақпаратқа сәйкес, 49 жастағы О Нил 24 желтоқсан күні Уругвайдың Монтевидео қаласындағы ауруханаға түскен. Оның жансақтау бөлімінде көз жұмғаны анықталды.

Еске сала кетейік, Фабиан О Нил "Ювентус", "Перуджа", "Кальяри", "Насьональ" секілді клубтарда доп тепкен және Уругвай құрамасында өнер көрсетті.

Футболшы мансабын аяқтаған соң алкогольді сусынға тәуелді болды деген дерек бар. Оның бауыр циррозынан көз жұмуы мүмкін, деді шетелдік басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003018-urugvai-quramasynyn-buryngy-futbolsysy-49-zasynda-qaitys-boldy/

pixel