Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Магнус Карлсен Алматыда: Әйгілі шахматшыға ұйымдастырушылар шапан жапты (фото, видео)

Опубликовано:

Магнус
Магнус Карлсенге шапан жапты. Фото: fide.com

Алматыдағы Әлем чемпионатының ашылу салтанатында турнирді ұйымдастырушылар атақты шахматшы Магнус Карлсенге шапан жапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Чемпионаттың ресми ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және басқалар қатысты.

Іс-шара барысында әлемге әйгілі шахматшы Магнус Карлсенге ұйымдастырушылар шапан кигізді.

Алматыдағы турнирде Магнус Карлсеннен бөлек, вице-чемпион Фабиано Каруана, фишер шахматтан әлем чемпионы Хикару Накамура, әлем вице-чемпионы Ян Непомнящий және тағы басқа көптеген танымал шахматшылар өнер көрсетеді.

Қазақстан намысын Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева қорғайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін шахматтан әлем чемпионы, норвегиялық Магнус Карлсеннің Алматыға келгенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2003060-magnus-karlsen-almatyda-aigili-saxmatsyga-uiymdastyrusylar-sapan-zapty-foto-video/

pixel