Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2022 жылдың қорытынды рейтингісі жарияланды: Қазақстандық теннисшілер нешінші орында

Опубликовано:

Елена Рыбакина
Елена Рыбакина. Фото: ktf.kz

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) және Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) 2022 жылдың қорытынды рейтингісін жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2023 жылды 21-орынмен бастайды. Юлия Путинцева жаңартылған рейтингте 54-тен 51-ге көтерілді. Жұптық сында Анна Данилина 11-орнын сақтап қалды.

WTA-ның 26 желтоқсандағы рейтингісі:

21 (0). Елена Рыбакина.

51 (+3). Юлия Путинцева.

441 (0). Жібек Құламбаева.

588. (0). Гөзал Айнитдинова.

1031 (+2). Зарина Дияс.

1188 (+6). Аружан Сағындықова.

Ерлер арасында Қазақстанның үздік ракеткасы Александр Бублик жылды 37-орынмен аяқтап отыр. Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин және Бейбіт Жукаев өз көрсеткіштерін жақсартты.

ATP-ның 26 желтоқсандағы рейтингісі:

37 (0). Александр Бублик.

142 (+3). Тимофей Скатов.

188 (+1). Михаил Кукушкин.

292 (-8). Денис Евсеев.

308 (+2). Бейбіт Жукаев.

330 (-6). Дмитрий Попко.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2003128-2022-zyldyn-qorytyndy-reitingisi-zariyalandy-qazaqstandyq-tennissiler-nesinsi-orynda/

pixel