"Брентфорд" - "Тоттенхэм" арасындағы матчта тең есеп тіркелді
Опубликовано:

Футболдан Англия чемпионатының 17-турында "Брентфорд" пен "Тоттенхэм" кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Матчтағы есеп он бесінші минутта ашылды. Гол авторы Витали Янельт. Айвен Тоуни араға қырық минут салып есепті еселеді.
Осыдан кейін "Тоттенхэм" шабуылдағы қарқынын арттырды. Нәтижесінде 65-минутта Харри Кейн "Брентфорд" қақпашысынан айласын асырды. Алты минуттан соң "Тоттенхэм" жартылай қорғаушысы Пьер-Эмиль Хейбьерг мергендігімен көзге түсті.
Осылайша "Брентфорд" пен "Тоттенхэм" арасындағы матч 2:2 есебімен аяқталды.
Еске сала кетейік, бүгін футболдан Англия чемпионатының 17-турының бірнеше матчы өтетінін жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/2003136-brentford-tottenxem-arasyndagy-matcta-ten-esep-tirkeldi/